Құпиялылық саясаты


Құпиялылық саясаты Softinventive Lab Inc. компаниясы осы веб-сайтқа кірген кезіңізде Softinventive Lab Inc. компаниясына беретін кез келген мәліметіңізді қалай пайдаланатынын және қорғайтынын сипаттайды.

Softinventive Lab Inc. компаниясы құпиялылығыңызды сақтау жөніндегі міндеттемелерін қатаң ұстанады. Егер веб-сайтымызға кірген кезіңізде біз Сізден жеке басыңызды анықтап бере алатын кейбір мәліметті беруді сұрасақ, осындай мәліметтің құпиялылық саясатының шарттарына сәйкес ғана пайдаланылатынына сенімді болуыңызға болады.

Softinventive Lab Inc. компаниясы осы бетті жаңарту арқылы құпиялылық саясатын мезгіл-мезгіл өзгертуі мүмкін. Сіз мезгіл-мезгіл осы бетті тексеріп, саясаттағы кез келген өзгерістердің Сізге қолайлы екеніне көз жеткізуіңіз керек. Осы құпиялылық саясаты 2006 жылдың 26-ші шілдесінен бастап жарамды болып табылады.

Біз жинайтын мәліметтер

Бізге келесі мәліметтер керек болуы мүмкін:

  • аты-жөні мен лауазымының атауы;
  • байланыс ақпараты, соның ішінде электрондық пошта мекенжайы;
  • клиенттер арасында зерттеу жүргізуге және (немесе) басқа ұсыныстарға қатысты басқа мәліметтер.
Біз жинайтын мәліметтермен не істейміз

Біз осындай мәліметтерді қажеттіліктеріңізді түсініп, Сізге ең жақсы қызметтерді ұсыну үшін талап етеміз. Әсіресе, біз мұны келесі себептер бойынша істейміз:

  • ішкі есеп-қисапты жүргізу;
  • өнімдер мен қызметтердің сапасын жақсарту үшін;
  • маркетинг зерттеуін өткізу мақсатында біз мезгіл-мезгіл жеке басыңыз туралы мәліметтерді Сізбенен электрондық пошта, телефон, факс немесе пошта арқылы байланысу үшін пайдалануымыз мүмкін;
  • веб-сайтты Сіздің мүдделеріңізге сәйкес реттеу үшін.
Міндеттемелерді қамтамасыз ету

Біз жеке басыңыз туралы мәліметтерді құпия сақтау жөніндегі міндеттемелерді қатаң ұстанамыз. Осы мәліметтердің рұқсатсыз пайдаланылуын немесе жариялануын болдырмау мақсатында біз физикалық, электрондық және басқарушылық рәсімдерді іске қостық – біз онлайн күйінде жинайтын мәліметтерді сақтау және оларды қауіп-қатерден қорғау үшін.

Біз «куки» (cookies) файлдарын қалай пайдаланамыз

Біз «куки» файлдарын құрметтейміз, бірақ оларды қолданбаймыз.

Басқа сайттарға жетелейтін сілтемелер

Сізді қызықтыратын басқа сайттарға оп-оңай өтуіңіз үшін біздің сайтымызда сілтемелер бар болуы мүмкін. Бірақ мынаны айтып өту керек: Сіз осы сілтемелерді пайдаланып, сайтымыздан шығып кеткен сәттен бастап, біз Сізге басқа сайттардың қауіпсіз болуына кепілдік бере алмаймыз. Сондықтан осындай сайттарға кірген кезде берген мәліметтеріңізді қорғау әрі құпия сақтау үшін біз жауапты бола алмаймыз, ал осындай сайттар біздің сайтымыздың құпиялылық жөніндегі ережелерін ұстанбайды. Сіз өте сақ болып, аталған сайттардың құпиялылық жөніндегі қолданыстағы ережелеріне назар аударуыңыз қажет.

Жеке басыңыз туралы мәліметтерді басқару

Жеке басыңыз туралы мәліметтердің жиналуын немесе пайдаланылуын келесі ретпен шектеуіңізге болады:

  • веб-cайттағы пішінді толтыру кезінде, хабар мәтінінде Сіз көрсетілген мәліметтердің кейбіреу тарапынан тікелей маркетинг мақсаттарында пайдаланылуын қаламаймын деп көрсетуіңіз мүмкін;
  • • егер жеке басыңыз туралы мәліметтердің тікелей маркетинг мақсаттарында пайдаланылуы жөнінде Сіз бұрын бізге өз ризалығыңызды берген болсаңыз, өз шешіміңізді кез келген уақытта өзгертіп, бұл туралы пошта мекенжайымызға немесе келесі электрондық пошта мекенжайымызға жазып, бізді хабардар етуіңіз мүмкін: info@softinventive.ru

Біз Сіздің рұқсатыңызсыз, немесе келесілерді істеу заң бойынша талап етілмесе, жеке басыңыз туралы мәліметтерді сатпаймыз, таратпаймыз және үшінші тараптарға жалға бермейміз. Біз жеке басыңыз туралы мәліметтерді Сізге қызық болуы мүмкін үшінші тараптар туралы жарнамалық материалдарды жіберу үшін пайдалануымыз мүмкін - егер Сіз бізге осы туралы хабарласаңыз.

Егер өзіңіз туралы кейбір мәліметтер дұрыс немесе толық емес деп есептесеңіз, жоғарыда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына хабар жіберуіңізді өтінеміз. Біз кез келген теріс мәліметті дер кезінде дұрыстаймыз.

Электрондық пошта:
info@softinventive.ru