tni-setup.exe
Нұсқасы 3.6.1, жиын 2680
Күн: 31 Мамыр, 2018
Өлшем: 24 МБ
ОЖ: барлық Windows
60 күн ішінде тегін
Компьютерлерді түгендеу
және есептер
Бағдарламалық жасақтама мен
лицензияларды есепке алу

Total Network Inventory 3 Кәсіптік бағдарламалық жасақтаманы түгендеуге және лицензияларды басқаруға арналған қуатты құралдарды ұсынады. БЖ мен лицензияларды есепке алу модулін таныстырамыз.

Барлық бағдарламалар бір тізімде

TNI 3 бағдарламасы Windows немесе Mac OS X операциялық жүйелері негізінде жұмыс істейтін құрылғыларда орнатылған БЖ туралы деректерді жинап, оларды ең қолайлы көріністе көрсетеді. Шұғыл іздеу функциясы бағдарламаларды аты мен нұсқасы бойынша іздеуге мүмкіндік береді, ал сүзгілер жәрдемінде бір өндіруші тарапынан жасалған барлық бағдарламаларды, бөлек компьютерлерде орнатылған бағдарламаларды және т.б. көруге болады. Іздеу функциясы мен сүзгілерді кез келген тіркесімде пайдалануға болады.

Орнатылған бағдарламалардың үлестірімі

Тізімде бір немесе бірнеше бағдарлама таңдап, олардың қай жерде орнатылғанын дереу біліп алыңыз.

Лицензия — бұл жәй ғана сан емес

Лицензияларды есепке алу жүйелерінің көбі лицензияны «белсендірулердің саны» ретінде көрсетеді. Нағыз лицензиялармен жұмыс істеу күрделірек болады.

Бағдарламалық жасақтамаға лицензия сатып алған соң, оны дерекқорыңызға қосып, тиісті бағдарламамен байланыстырыңыз. Бағасын, сатып алынған күні мен жарамдылық мерзімінің аяқталу күнін көрсетіңіз.

Жаңа лицензия пайдаланатын лицензиялау моделін белгілеңіз. Ол лицензиялық кілт бере ме? Мүмкін бірнеше кілт береді? Әрбірі қанша рет орнатылуға арналған?

Ілеспе мәліметтерді, соның ішінде құжаттарды, суреттерді немесе кез келген керекті файлдарды қосыңыз.

Қанша лицензия қажет болса, сонша лицензия жасап, оларды тиімді түрде басқарыңыз.

Лицензия жасап, оны реттегеніңізден соң, БЖ-ңыздың лицензиялық мәртебесін автоматты түрде білетін боласыз.

Ең маңыздысы

Желіңіздегі БЖ орнатымдары туралы жан-жақты мәліметтерге және лицензияларыңыз бен олардың сипаттары туралы ақпаратқа сүйеніп, TNI 3 бағдарламасы автоматты түрде лицензиялық мәртебені есептеп шығарады.

Әрбір бағдарламаның немесе әрбір лицензияның лицензиялық мәртебесін көруге болады. Түстермен кодтау мәселелерді дереу көруге көмектеседі. Мәртебенің сипаттамасын тінтуірмен басып ғана, мәселенің себептерін жан-жақты түсіндіретін ақпаратты көріңіз.

Сканер кейбір бағдарламаларға арналған кілттерді автоматты түрде табады. Лицензиямен байланысты емес барлық кілттік орнатымдар арнайы бөлімде пайда болады.

Лицензиялық мәртебе жаңартылған күйінде сақталып, желідегі өзгерістерді қамтып көрсетеді.

БЖ орнатымдарын бақылау

Желілік әкімші ретінде Сіз кейбір бағдарламалар кейбір құрылғыларды орнатылады, ал басқа құрылғыларда олар орнатылмайды деген болжам жасайсыз. Орнатымдарды бақылауға арналған құралдың жәрдемінде Сіз кез келген бағдарламаны компьютерлердің бір тобы үшін Міндетті ретінде және (немесе) басқа топ үшін оны Рұқсат етілмеген ретінде белгілей аласыз.

Түрлі нұсқаларды біріктіру

Бағдарламалық жасақтаманың кіші нұсқасы ешқашан дерлік маңызды рөлді атқармайды. Түрлі нұсқаларды бір жолға біріктіру мүмкіндігін беру арқылы TNI жұмысыңызды анағұрлым жеңілдетеді. Кіші нұсқаларды орнатылған бағдарламалардың тізімдерінде әлі де көруге болады.

Біріктіруді кез келген уақытта болдырмауға болады.

Жүйелі өрнектер

Жүйелі өрнектер жәрдемінде күрделі сұраулар жасауға болады. Оларды сақтап, қайта пайдалануға болады.

Шолу
БЖ-ны түгендеу
Лицензиялар есебі
Лицензиялық мәртебе
Басқа функциялар
Сынақ нұсқасының шектеулері
Кітапша
Лицензиялық келісім
Орнату/жою