Веб-сайтты пайдаланудың шарттары


Веб-сайтымызға қош келдіңіз! Егер осы веб-сайтты қарау мен пайдалануды жалғастырып отырған болсаңыз, Сіз құпиялылық саясатымен бірге Softinventive Lab Inc. компаниясының Сізбенен осы сайтқа қатысты қарым-қатынасын реттейтін пайдалану шарттарын сақтауға келісесіз.

"Softinventive Lab Inc." немесе "бізді", немесе "біз" деген термин осы сайттың иесін білдіреді. "Сіз" деген термин біздің сайтымызды пайдаланатын тұлғаны немесе оған кірген қонақты білдіреді.

Осы веб-сайтты келесі шарттарды сақтаған жағдайда пайдалануға болады:
  • осы веб-сайттың беттеріндегі мазмұн теқ қана Сіздің жалпы мәлімет алып, пайдалануыңызға арналған;
  • біз де, қандай да бір үшінші тарап осы веб-сайтта кейбір ерекше мақсат үшін табылған немесе ұсынылған ақпарат пен материалдардың дәлдігі, уақыттылылығы, көрсетілуі, толықтығы немесе сәйкестігі жөнінде ешқандай кепілгерлік немесе кепілдік бермейді. Сіз осындай ақпарат пен материалдарда заң бойынша рұқсат етілген шамаға дейін дәлсіздіктердің немесе қателердің бар болуы мүмкіндігін растайсыз;
  • сіз осы веб-сайттың кез келген ақпаратын немесе материалдарын тәуекел етіп пайдаланасыз, біз бұл үшін жауапты емеспіз. Сіз осы веб-сайтта қолжетімді кез келген өнімдердің, қызметтердің және ақпараттың өз талаптарыңызға сәйкес келетінін сақтауға жауаптысыз;
  • осы веб-сайтта біз иеленетін немесе лицензиясы біздің меншігімізде болған материалдар бар. Осындай материалдардың ішінде дизайн, топология, көрініс, сыртқы келбет пен графика бар болып, бұл тізім осылармен шектелмеген болып табылады. Осы шарттардың бір бөлігі болып табылатын авторлық құқықтар жөніндегі мәліметтерге сәйкестік болған жағдайларды қоспағанда көшірме жасауға тыйым салынады;
  • осы веб-сайтта көрсетілген, оператордың меншігіне тиесілі емес немесе оның атына лицензияланбаған барлық сауда таңбалары осындай ретінде танылған;
  • осы веб-сайтты рұқсатсыз пайдалану залалдарды өтеу жөніндегі талаптың қойылуына себеп болуы мүмкін және (немесе) қылмыстық озбырлық ретінде бағалануы мүмкін;
  • мезгіл-мезгіл осы веб-сайтта басқа веб-сайттарға жетелейтін сілтемелер де бар болуы мүмкн. Осы сілтемелер қосымша ақпаратты қолайлы жолмен алуыңыз үшін беріледі. Бұл біз сол веб-сайтқа (веб-сайттарға) жарнама жасап отырмыз деген мағынаны білдірмейді. Сілтемелерде көрсетілген веб-сайттың (веб-сайттардың) мазмұны үшін біз жауапты емеспіз;
  • сіз басқа веб-сайтта осы веб-сайтқа жетелейтін сілтемені бізден алдын ала алынған жазбаша рұқсатсыз жасауыңыз мүмкін.
Электрондық пошта:
info@softinventive.ru