tni-setup.exe
Нұсқасы 3.6.1, жиын 2680
Күн: 31 Мамыр, 2018
Өлшем: 24 МБ
ОЖ: барлық Windows
60 күн ішінде тегін
Компьютерлерді түгендеу
және есептер
Бағдарламалық жасақтама мен
лицензияларды есепке алу

Сіздің алдыңызда Total Network Inventory 3 бағдарламасы тұр. Ол компьютерлерді, желілік жабдықтарды және БЖ-ны есепке алуға арналған.

Бәрі сканерленеді

Microsoft Windows операциялық жүйесінің 2000 жылы және одан кейін шыққан нұсқаларының негізінде жұмыс істейтін компьютерлер. Сканерлеу технологиясы Жиналатын ақпарат
Apple компаниясы жасаған, OS X негізінде жұмыс істейтін компьютерлер. Сканерлеу технологиясы Жиналатын ақпарат
Linux тобына жататын операциялық жүйесінің негізінде жұмыс істейтін құрылғылар. Сканерлеу технологиясы Жиналатын ақпарат
FreeBSD тобына жататын операциялық жүйесінің негізінде жұмыс істейтін құрылғылар. Сканерлеу технологиясы Жиналатын ақпарат
ESX/ESXi серверлері. Сканерлеу технологиясы Жиналатын ақпарат
SNMP немесе Telnet протоколдарын қолдайтын кез келген желілік құрылғылар. Сканерлеу технологиясы Жиналатын ақпарат

Бұл үшін не қажет?

Тек әкімшінің кілтсөзі ғана. Қашықтағы компьютерлерде агенттерді алдын ала орнатуға немесе оларды сканерлеуге басқа жолмен дайындауға қажет жоқ. Total Network Inventory 3 бағдарламасын бір компьютерде орнатыңыз - бірнеше минуттен кейін барлық желі туралы ақпарат алдыңызда жатады.

Шынымен ақылды сканер

Бағдарламаға әншейін нені сканерлеп шығу керектігін айтыңыз, ал ол жұмыс істей бастайды: IP-ауқымдағы барлық түйіндерді табады, Сізге жұмыс тобындағы компьютерлердің тізімін көрсетеді, доменнің құрылымын шығарады. Керекті түйіндерді таңдап, жеке құрылғылар немесе топтар үшін кіру аты мен кілтсөздерін енгізіңіз – сосын Сканерлеуді бастау түймешігін басыңыз.

Желідегі компьютерлерді сканерлеу бірнеше минуттен соң-ақ аяқталады, ал ақпарат TNI 3 бағдарламасының қоймасында сақталады.

Кесте бойынша сканерлеу

Егер кейбір құрылғыларды кейінірек сканерлеу немесе жүйелі түрде жаңартып тұру керек болса, оларды бөлек тізімде сақтаңыз да, оларды қалай және қашан сканерлеу керектігін көрсетіңіз. Тапсырмаларды жоспарлаушы құралы сканерлеудің уақыты мен мерзімділігін икемді түрде реттеуге мүмкіндік береді:

Тапсырмалардың кез келген санын жасап, оларды әртүрлі күндер мен уақытқа жоспарлауға болады. Деректеріңіз автоматты түрде жаңартылған күйінде сақталады!

Орталықтандырылған қойма

TNI 3 бағдарламасының қоймасы қатты дискте орналасқан қарапайым қалта болып табылады. Оның ішіндегі әрбір компьютер — өлшемі шамамен 35 Кбайт болған файл. Осы файлдарды оп-оңай басқа дерекқорға көшіруіңізге болады немесе олардың сақтық көшірмелерін жасауыңызға болады. Қойма қалтасын ортақ пайдалануға рұқсат беру арқылы онымен түрлі жерлерден жұмыс істеуге болады.

Компьютерлерді есепке алуға қажет барлық мәліметтер

Компьютерлерге жазбалар, түгендемелік нөмірлерді және әртүрлі түрдегі қосымша өрістерді қосыңыз: жолдар, бағалар, күндер - барлық қажетті ақпарат бір жерде сақталып, әрдайым қол жететін жерде болады.

Желі алақандағыдай көрінеді

Желінің тармағына әртүрлі ақпаратты шығаруға болады: желілік ат, IP-мекенжай, түгендемелік нөмір, белгіше және операциялық жүйенің атауы, онлайн-күйдің лампышасы және көптеген басқа мәліметтер. Total Network Inventory 3 автоматты түрде виртуалды жүйелерді анықтап, оларды белгілейді. Осы ақпараттың бәрі іздеу үшін қолданылуы мүмкін: компьютер туралы еш болмағанда бірдеңе білетін болсаңыз, оны бір демде мыңдаған басқа компьютерлердің арасынан табасыз!

Деректер сөрелерде

Әрбір сканерленген компьютерді оның алдында отырғаныңыздай зерттеуге болады. Компьютерлерді есепке алу бұдан да оңайырақ болмайды!

Қолайлы есеп санаттарынан аппараттық жабдық, операциялық жүйе, орнатылған бағдарламалар, вирусқа қарсы бағдарламалар, тіркелгілер және т. б. туралы ең жан-жақты ақпарат табасыз.

Есепке бір уақытта компьютерлер мен санаттардың кез келген санын қосыңыз.

Кестелік есептер

Кестелік есептер өңдегіші желіңіз туралы кез келген деректерді қолайлы әрі көрнекі кесте ретінде көрсетуге мүмкіндік береді. Есептеріңізде қандай ақпаратты көруді қалайтыныңыз туралы шешімді өзіңіз қабылдаңыз.

Тез іздеу мүмкіндігі

Іздеу нәтижелері сұрау енгізілген сайын көрінеді: тінтуірді артық рет басу қажет емес!

Басып шығару мен экспорттау

Любой отчет можно распечатать в кратком или полном виде, скопировать в редактор таблиц или экспортировать в PDF, RTF, ODT, HTML и другие форматы.

Желіңізде не болып жатқанын біліп жүріңіз.

Компьютер әр рет қайта сканерленгенде, TNI бағдарламасы ол үшін конфигурациясының жаңа суретін жасайды. Өзгерістер журналы осы суреттерді салыстырып, оқиғалардың толық тізімін шығарып береді: егер бірдеңе
Қосылған, Жойылған немесе Өзгертілген болса, Сіз бұл туралы осы жерде біліп аласыз.

Бағдарламалардың орнатылуын, жойылуын және жаңартылуын…

…жүйе жаңартуларының қолданылуын…

…қызметтердің іске қосылуы мен тоқтатылуын…

…аппараттық жабдықтың қозғалуын…

…және талай үдерістерді көруге болады!

Журнал шұғыл іздеу және сүзгілеу мүмкіндіктерімен жабдықталған, сондай-ақ, оны басып шығарып, қағаздағы есеп ретінде де пайдалануға болады.

Шолу
Сканерлеу
Түгендеу
Есептер
Өзгерістер журналы
Сынақ нұсқасының шектеулері
Кітапша
Лицензиялық келісім
Орнату/жою