tnm-setup.exe
Нұсқасы 2.3.0, жиын 7600
Күн: 04 Қаңтар, 2017
Өлшем: 8.9 МБ
ОЖ: барлық Windows
60 күн ішінде тегін

Total Network Monitor 2 — бұл жергілікті желі, жеке компьютерлер, желілік және жүйелік қызметтердің жұмысын тұрақты түрде бақылауға арналған бағдарлама болып табылады. TNM бағдарламасы Сізді ақаулардың пайда болуы туралы алдын ала құлақтандырады, сондай-ақ, не болып қалғаны және оның орын алған уақыты туралы жан-жақты есеп жасайды.

Желіні бақылау

Сіз бақылауғыштар жасайсыз: бақылауғыштар қызмет, сервер немесе файлдық жүйе жұмысының не ол, не бұл қырын мезгілді түрде тексеретін нысандар болып табылады. Бақылауғыштар икемді түрде реттеледі және желінің күйін нақты уақытта бейнелеп көрсетеді.

Кез келген көрсеткіштер қалыпты мөлшерінен ауып кеткенде, бақылауғыш алдын ала жазылған әрекеттер сценарийін орындайды: мәселен, дыбысты сигнал беру, электрондық пошта немесе жылдам хабар жіберу жүйесі арқылы хабарлама жіберіп, оқиғаның жан-жақты сипаттамасын беру, қашықтағы компьютерді қайта іске қосу, бағдарламаны іске қосу және т.б.

Желіні бақылау журналын қарап, әрдайым барлық бақылауғыштардың көрсеткіштері туралы мәлімет пен орындалған әрекеттер тізімін көруіңізге болады.

Көреген көз

Тексерістер — Total Network Monitor 2 бағдарламасының сыртқы дүниемен байланысы. Дәл осы тексерістер бақылауғыштарға талдау жүргізу үшін қажетті деректерді береді. Total Network Monitor бағдарламасында барлық жағдайлар үшін қарастырылған көптеген тексерістер бар. Серверлерді бақылау үшін желілік протоколдар бойынша сұраулар жіберу, қызметтерді, оқиғалар журналын және Windows тізілімі кілттерін тексеру, қашықтағы компьютерде орналасқан файлда жол іздеу және көптеген басқа әрекеттер — бұлардың бәрін TNM оп-оңай орындайды .

Тексерістер тізімі

Интернет:
ICMP
TCP
HTTP
FTP
SMTP
POP3
IMAP
Telnet
Windows:
Оқиғалар журналы
Қызмет күйі
Тізілім күйі
Жүйе өнімділігі
Файлдық:
Файлдың бар-жоқтығы
Файлдың өлшемі
Файлдарды салыстыру
Файлдардың саны
Файлдың CRC32 бақылау сомасы
Файл мазмұны
Дискідегі орын

 

Хабарламалар және оқиғалар тарихы

Әрекеттер бірдеңе жоспар бойынша жүрмеген сәтте-ақ іске қосылады. Олар Сізді хабарландырып, бәрін дер кезінде дұрыстауыңызға мүмкіндік береді. Олар бірінші көмекті көрсете алады: қызметті немесе қашықтағы компьютерді қайта іске қосу, бағдарламаны іске қосу, сценарийді орындау. Сондай-ақ, олар әншейін бөлек журналға жазба қосуы мүмкін.

 

Әрекеттер тізімі

Ескертулер:
Хабар терезесі
Хабарлама
Дыбысты сигнал
Файлға жазу енгізу
Хабарландыру құралдары:
Электрондық пошта
Jabber
Оқиғалар журналы
Шаралар:
Бағдарламаны іске қосу
Сценарийді орындау
Қызметті қайта іске қосу
Компьютерді қайта іске қосу

Барлық орындалған әрекеттер және бақыланатын параметрлердегі өзгерістердің бәрі үздіксіз түрде журналға енгізіледі, ал бұның арқасында желі күйінің көрнекі суреті құрастырылады.

 

Тексерістерді журналға енгізу

Total Network Monitor 2 бағдарламасы істеп тұрған бақылауғыштардың бәрін бақылап, тексерістердің жұмысы туралы қажетті ақпаратты жазып алады. Бақылауғыштың күйіндегі кез келген өзгеріс Бақылауғыштар журналында жазылады.

Белсенділік статистикасы мен кестесі

Статистикаға таңдалған бақылауғыштың іске қосылу уақыты мен соңғы тексерілуі туралы деректер, бақылауғыштың жасыл, қызыл және қара күйдерінің сандары және олардың жалпы саны кіреді. Таңдалған бақылауғыштың тексеріс нәтижелерін графикалық түрде суреттейтін белсенділік кестесін бөлек құрал деп атауға болады.

Әрекеттерді журналға енгізу

TNM бағдарламасы әрбір орындалған әрекетті Әрекеттер журналына жазып қояды:

 

Оңайлық пен көрнекілік

Желі картасы жәрдемінде бақылау жобаңыздың көрнекі жоспарын құрастырыңыз: компьютерлердің, құрылғылардың және серверлердің белгішелерін таза ақ кенепте орналастырып, желі құрылымын сызықтар жәрдемінде бейнелеңіз.

Желі картасында әрбір құрылғының қасында орналасқан түсті көрсеткіш олардың күйін тез анықтауға мүмкіндік береді.

 

Шолу
Тексерістер
Әрекеттер
Статистика
Желі картасы
Сынақ нұсқасының шектеулеріи
Кітапша
Лицензиялық келісім
Орнату/жою