tsd-setup.exe
Нұсқасы 3.0.1, жиын 924
Күн: 23 Тамыз, 2018
Өлшем: 23.2 МБ
ОЖ: барлық Windows
60 күн ішінде тегін

Total Software Deployment — бағдарламалық жасақтаманы корпоративтік желіңізде қашықтан орналастыруды басқару.



БЖ орналастыру: тез әрі оңай

Бағдарламаларды жергілікті желіден таратып, сонан соң оларға қызмет көрсету ешқашан бұдан оңай болмаған! Total Software Deployment бағдарламасы Сіз үшін бәрін істеп береді:

  • Жергілікті желіні сканерлейді;
  • Компьютерлерде орнатылған бағдарламалық жасақтаманың тізімін жасайды;
  • Желіңіздегі компьютерлерге бағдарламалық жасақтаманы қашықтан орналастырады.

Windows жүйелеріндегі БЖ туралы барлық ақпарат

Желіңіздегі компьютерлерде қандай бағдарламалардың орнатылғанын орындығыңыздан тұрмай біліп алыңыз! Бұл үшін не қажет? Дерлік ештеңе:

  • Microsoft Windows операциялық жүйесінің XP және одан кейін шыққан нұсқаларының негізінде жұмыс істейтін компьютерлер;
  • Әкімшінің кілтсөзі.

Шынымен ақылды сканер

Бағдарламаға әншейін нені сканерлеп шығу керектігін айтыңыз, ал ол жұмыс істей бастайды: IP-ауқымдағы барлық түйіндерді табады, Сізге жұмыс тобындағы компьютерлердің тізімін көрсетеді, доменнің құрылымын шығарады. Әкімшінің кілтсөзі мен "әдепкі" параметрлермен сканерлеңіз, немесе жеке құрылғылар немесе топтар үшін кіру аттары мен кілтсөздерін енгізіңіз – сосын Сканерлеуді бастау түймешігін басыңыз.

Заманауи кең байланыс арналары мен қуатты процессорлардың арқасында, бір тапсырманы бастау үшін әуелгісінің аяқталуына дейін күтуге қажет жоқ. Total Software Deployment бағдарламасы желіңіз бір уақытта қанша тапсырманы іске қосуға мүмкіндік берсе, сонша тапсырманы іске қосуға мүмкіндік беретін параллельді көп ағындық сканерлеу әдісін қолданады. Бұның арқасында компьютерлерді сканерлеу санаулы минуттерде аяқталады.

Бағдарламаларды қашықтан жаңарту

"Қашықтағы компьютерде бағдарламаның қайсы нұсқасы әлдеқашан орнатылғанын және оны жаңарту керек немесе керек еместігін мен қалай білемін?" Бұл бізге ең жиі қойылатын сұрақ. Total Software Deployment осындай тапсырмаларға өте лайықты болып табылады. Бағдарлама желіңіздің компьютерлерін сканерлеп, орнатылған бағдарламалық жасақтама туралы толық ақпарат беретін есепті құрайды. Ескірген нұсқаларды таңдап, орналастыру тапсырмаларына қосыңыз. Бұдан оңай ештеңе жоқ!

Бағдарламалардың орталықтандырылған қоймасы

TSD бағдарламасының БЖ қоймасы бір файлдық және көп файлдық орнатушы бағдарламаларды қолдайды. Биттік түрі, нұсқасы немесе тілі сияқты бағдарлама жөніндегі негізгі ақпаратқа қоса Сіз келешекте негізгі бағдарламамен бірге орналастырылатын бағдарлама қосымшаларының немесе жаңартуларының тізімін белгілеуіңіз мүмкін.

Барлық керекті деректер қол жететін жерде

Параметрлерді реттеп, экранға тек Сізді қызықтыратын ақпаратты шығарыңыз! Желінің тармағына әртүрлі ақпаратты шығаруға болады: желілік ат, IP-мекенжай, Windows нұсқасы, онлайн-күйдің көрсеткіші және көптеген басқа деректер.

Қолайлы іздеу және сүзгілеу мүмкіндіктері орнатылған бағдарламаларды тез табуға, орналастыру тапсырмалары мен мақсаттарын анықтауға көмектеседі.

Total Network Inventory бағдарламасымен үйлесімділік

Total Software Deployment бағдарламасының желілік қоймасы толығымен Total Network Inventory 3 қоймасының құрылымына ұқсайды. Сіз бар қойманы пайдалануыңыз мүмкін, немесе одан файлдарды бағдарламалардың кез келгеніне импорттауыңыз мүмкін. Түрлі бағдарламалардан бір қоймамен бір уақытта жұмыс істеңіз!

Орналастыру бумасын жасау

тихой установки можно создать буквально парой щелчков мышью! TSD сам определит тип установщика и подставит необходимые параметры для удаленного развертывания программы, которое пройдет совершенно не заметно для пользователя. Этот метод отлично подходит для удаленной установки MS Office ® в локальной сети.

Орнатушы бағдарламаның ерекше параметрлері — мәселе емес

Орнатушы бағдарламаңыз деректерді міндетті түрде қолмен енгізуді талап етеді ме? Рас, автоматты түрде орналастыруды қолдамайтын өнімдер бар ғой. Егер Total Software Deployment бағдарламасын пайдаланып отырған болсаңыз, бұл мәселе емес! Жергілікті орнатым кезінде барлық әрекеттеріңізді жазып алатын макрос әдісін пайдаланып, орналастыру бумасын жасаңыз. Макрос жазылған соң, әдісті қиналып қайта жазудың қажеті жоқ – кез келген «артық әрекеттерді» оңай жоюға болады.

Жүйе суреті

Орналастыру бумасын жасаудың түбегейлі әдісі. Басқа әдістер жарамсыз болғанда, бұл әдіс анық көмектеседі.

Жүйе суреті әдісі орнату кезінде файлдық жүйе мен тізілімдегі өзгерістерді анықтайды, оларды өзгертуге қолжетімді етеді және оларды кейінірек компьютерлерге орналастыру үшін бумаға сақтайды. Алайда осы әдісті пайдаланғанда, сақ болу керек!

Орналастыру тапсырмаларының тізімдері

Сіз орналастырылатын БЖ тізімдерін де, олар орналастырылатын компьютерлердің тізімдерін де жасауыңыз мүмкін. Оларды бір рет қана реттеп, Сіз бағдарламалар жиынтығын керекті компьютерлерге тез орналастыра аласыз. Microsoft құралдарынан айырмасы мынадай: Total Software Deployment тек қана MSI орнатушы бағдарламаларын емес, осындай бағдарламалардың көптеген басқа түрлерін де қолдайды - олардың ішінде автоматты түрде орнату мүмкіндігін шектеулі түрде қолдайтын немесе мүлдем қолдамайтын орнатушы бағдарламалар да бар.



Пайдаланушы ештеңені байқамайды

Бағдарламалық жасақтаманы қашықтағы мақсатты компьютерде орнату соңғы пайдаланушыдан жасырын түрде өтеді. Ешқандай диалогтық терезелер шықпайды. Енді пайдаланушыны жұмысынан алаң етудің қажеті қалмады.

Әншейін орналастыруды бастап, үдерісті бақылаңыз. Егер кез келген оқыс жағдай орын алса, мәселенің себебін орналастыру журналы көмегінде оп-оңай анықтап аласыз.

Шолу
Сканерлеу
Түгендеу
Сценарийлер
Орналастыру
Сынақ нұсқасының шектеулері
Кітапша
Лицензиялық келісім
Орнату/жою